• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №175

361 рет
көрсетілді

2014 жылғы 29 желтоқсан,  Астана қаласы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Е.ДОСАЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А.МАМЫТБЕКОВ. 2015 жылғы «____» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә.ИСЕКЕШЕВ. 2015 жылғы «____» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В.ШКОЛЬНИК. 2015 жылғы 17 наурыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №175 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы», 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Темір жол көлігі туралы», 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) тарату, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) тарату және электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру, магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар, порттар мен аэронавигация, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау, газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерi саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарын айқындайды. 2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды. 3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады: 1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, пайдаланушының Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды сертификаттау қағидаларына және сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген және азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілгенін растайтын құжат; 3) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген, азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 4) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен байланыс қызметтерiн көрсетуге лицензия алған жеке немесе заңды тұлға; 5) бербоут-чартер – жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшін жалға кеме беруші кеме жалдаушыға жарақтанбаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi иеленуге және пайдалануға келісілген ақыға (жалдауға) белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру шартының түрі; 6) есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемін есепке алуға арналған заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы; 7) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу үшін техникалық шарттар беретін табиғи монополия субъектісі; 8) кірме жолдың шектелген өткізу қабілеті – уақыт бірлігінде (тәулік, сағат) нақты кірме жол арқылы оның техникалық жарақтануына қарай өтуі мүмкін вагондардың ең жоғары саны; 9) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 10) магистральдық темір жол желісінің шектелген өткізу қабілеті – уақыт бірлігінде (тәулік, сағат) нақты темір жол учаскесі арқылы аралық бойынша оның техникалық жарақтануына және поездар қозғалысын ұйымдастырудың қабылданған тәсіліне қарай өткізілуі мүмкін салмағы мен ұзындығы белгіленген поездардың (поезд жұптарының) ең жоғары саны; 11) Өкіл – шетелдік Пайдаланушылардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетілгені үшін ақы төлейтін ұйымдар; 12) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; 13) реттеліп көрсетілетін қызметтер – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар); 14) слот – авиакомпанияның әуе кемесінің келу немесе жөнелту операцияларын белгілі бір күні немесе кезеңде орындау үшін әуежайда бөлінген уақыт; 15) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізу – табиғи монополиялар субъектілері тұтынушыларының табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) басқа тұтынушыларға осындай қызметтер ұсынылатын жағдайлардан кем болмайтын қолайлы жағдайда пайдалану мүмкіндігі; 16) техникалық шарттар – реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тұтынушылардың тең қол жеткізуі мақсатында электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар; 17) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерге, (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу мақсатында объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға; 18) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салала­рындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 19) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монопо­лиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы; 20) Aeronautical Information Circular – Аэронавигациялық ақпарат бюллетені – аэронавигациялық ақпарат циркуляры (бұдан әрі – AIC); 21) Aeronautical Information Publication – Аэронави­гациялық Ақпарат Жинағы – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы (бұдан әрі – AIР); 22) NОtice To AirMen (бұдан әрі – NOTAM) – кез келген аэронавигациялық жабдықты пайдалануға енгізу немесе оның (немесе оның жұмыс регламентінің) өзгеруі, ұшуларға қызмет көрсету мен олардың қағидалары туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе қауіп туралы ақпарат, ол туралы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды орын алады. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады. 4. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арыз) жолдайды. 5. Тұтынушы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу үшін Субъектіге жазбаша өтініш (өтінім, арызын) мәлімделген көлемдерге не қызметтер тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең шарттармен қабылдайды. 6. Тұтынушының өтініші (өтінімі, арызы) құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілген мерзімде табиғи монополиялар субъектісі тұтынушыға реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынылатыны не реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу ұсынудан бас тартылғаны туралы жауапты дәлелді қорытындыны қоса бере отырып жібереді. 7. Тұтынушылардың осы Қағидаларда айқындалған шарттарды сақтауы субъектілер мен тұтынушылардың арасында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген үлгі шарттарға сәйкес қызметтер көрсету шарттарын жасасу үшін негіз болып табылады. 8. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъект тұтынушы өтініш жасаған кезде реттеліп көрсетілетін қызметтің құны және оған қол жеткізу тәртібі туралы ақпарат ұсынады. 9. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) Субъектімен шарт жасасқан барлық тұтыну­шыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынылады. 10. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тең қол жеткізуді ұсыну шеңберінде объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру кезінде электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі: 1) қосымша талаптар қою мүмкіндігін болғызбай, техникалық шарттардың нақты тізбесін белгілейді; 2) объектілерді электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) қарау кезінде тұтынушыдан қосымша материалдар мен ақпарат сұратпайды. 2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұсыну шарттары 11. Қызметтерге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай шарттарға сүйене отырып жүзеге асырылады: 1) осы Қағидаларда айқындалған шарттарды сақтау кезінде барлық тұтынушылар үшін қызметтерге тең қол жеткізу; 2) қызметтердің барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тариф саясатын жүргізу; 3) қызметтер тізбесінің, қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы. 12. Тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар: 1) жаңадан енгізілетін электр қондырғылары энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған; 2) объект тұтынатын шарттық электр қуаты ұлғайған; 3) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша пайда­ланушылардың санаты өзгертілген жағдайларда беріледі. 13. Тұтынушылардың объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар: 1) жылу желілеріне жаңадан пайдалануға берілетін объектілер қосылған; 2) тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларын реконструкциялауға немесе кеңейтуге байланысты тұтынылатын энергия мөлшері немесе жылу тасығыштың параметрлері техникалық шарттарда және шарттың талаптарында белгіленгеннен жоғарылап өзгерген; 3) жылу жүйелеріне бұрын қосылмаған объектілер қосылған жағдайларда беріледі. 14. Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар: 1) газбен жабдықтау жүйелеріне қосылатын жаңа объектілер жобаланған және олар кейіннен салынған; 2) қолданыстағы газбен жабдықтау жүйелерінен тұтынылатын қызметтердің көлемі ұлғайған; 3) егер бұл тұтынылатын қызметтердің көлемі мен сипаттамаларын өзгертуге әкелетін болса, объекті рекон­струкцияланған және/немесе қайта бейімделген жағдайларда беріледі. 15. Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылыстары өнімділігінің қоры мен өткізу қабілеті жеткілікті болған кезде объектілерді қосуға немесе сумен жабдықтау және су бұру инженерлік желілерін дамытуға арналған техникалық шарттарды: 1) елді мекендердің сумен жабдықтау және/немесе су бұру желілеріне қосылатын жаңа объектілер жобаланған және кейіннен салынған; 2) су тұтыну және/немесе елді мекеннің қолданыстағы су бұру желісіне сарқынды суларды ағызу көлемдері ұлғайған; 3) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды сулардың ластану концентрациясы ұлғайған; 4) егер бұл сумен жабдықтаудың және/немесе су бұрудың тұтынылатын қызметтерінің көлемі мен сипаттамаларын өзгертуге әкелетін болса, объекті реконструкцияланған және/немесе қайта бейімделген; 5) сумен жабдықтау және су бұру желілеріне бұрын қосылмаған объектілер қосылған жағдайларда береді. 3. Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру рәсімі 16. Электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін ұйымдастыру рәсімі 17. Жылу желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды берген кезде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 18. Қызметін электр энергиясының көтерме сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Қызметін электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 19. Қызметін электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жүзеге асыратын Субъектінің электр энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 7. Жылу энергиясын өндіру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 20. Жылу энергиясын өндіру жөніндегі Субъектінің қызметтерін тұтынушылар: 1) Субъектінің жылу көзіне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылар; 2) энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған жылу энергиясын тұтынушылар; 3) жылу энергиясын беруді және (немесе) таратуды жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар; 4) жылу энергиясын сатып алуды - сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылады. 21. Субъект өзінің қызметтеріне тұтынушылардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін: 1) Субъектінің жылу энергетикасы объектілеріне белгіленген тәртіппен жалғанған жылу желілері мен жылу пайдаланатын қондырғылары; 2) есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді. 22. Субъектінің жылу көзіне жалғану және қызметтер көрсету шартын жасасу кезінде қызметтердің кез келген тұтынушысына шартта айқындалған жылу энергиясын ең жоғары сағаттық жүктеме және тұтынылатын жылу энергиясы санының шегінде жылу энергиясын алу құқығы бекітіледі, бұл ретте жылу энергиясының сапасы мен параметрлері нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс. 23 Қызметтерді тұтынушыларға алынған техникалық шарттарда белгіленген жобалық шамадан асатын жылу энергиясының тұтынылатын жүктемесі мен санын ұлғайтқан жағдайда, Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы тұтынушыға техникалық мүмкіндік болған кезде қосымша қуаттарды жалғауға техникалық шарттар береді. 8. Жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 24. Субъектінің жылу энергиясын беру және (немесе) тарату қызметтерін тұтынушылар: 1) Субъектінің желілеріне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылар; 2) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар (бұдан әрі – ЭЖҰ) болып табылады. 25. Субъект өзінің қызметтеріне Субъектінің желілеріне жалғанған жеке меншік желілері бар жылу энергиясын тұтынушылардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін: 1) Субъектінің жылу желілеріне жалғанған жылу пайдаланушы қондырғылары; 2) есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді. 26. Субъект өзінің қызметтеріне ЭЖҰ-ның кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін: 1) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы және тараптардың пайдалану жауапкершілігі айқындалатын ЭЖҰ-ның тұтынушыларымен жылумен жабдықтау шарты; 2) ЭЖҰ тұтынушыларында Субъектінің жылу желілеріне белгіленген тәртіппен жалғанған желілері және (немесе) жылу пайдаланушы қондырғылары; 3) ЭЖҰ тұтынушыларында есеп айырысатын есепке алу аспаптары болған жағдайда қамтамасыз етеді. 27. Субъектінің жылу желісіне жалғану және қызметтер көрсету шартын жасасу кезінде қызметтердің кез келген тұтынушысына шартта айқындалған жылу энергиясын ең жоғары сағаттық жүктеме және тұтынылатын жылу энергиясы санының шегінде жылу энергиясын алу құқығы бекітіледі, бұл ретте жылу энергиясының сапасы мен параметрлері нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс. 28. Қызметтерді тұтынушыларға алынған техникалық шарттарда белгіленген жобалық шамадан асатын жылу энергиясының тұтынылатын жүктемесі мен санын ұлғайтқан жағдайда, Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы тұтынушыға техникалық мүмкіндік болған кезде қосымша қуаттарды жалғауға техникалық шарттар береді. 9. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 29. Субъектінің электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтерін тұтынушылар: 1) электр энергиясын желінің тиесілілігіне қарамастан барлық кластағы кернеу желілеріне босатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар; 2) электр энергиясын желінің тиесілілігіне қарамастан кернеулердің барлық кластағы желілері арқылы импорттаушы тұтынушылар болып табылады. 30. Субъект электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтеріне осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұтынушы­лардың кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін: 1) ұлттық және (немесе) өңірлік электр желісіне қол жеткізуі; 2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелері; 3) энергия өндіруші ұйымдар үшін Субъектінің телекоммуникация, байланыс жүйелерімен және жедел-ақпараттық кешенімен бірыңғайланған Субъектінің диспетчерлік орталықтарымен телекоммуникация және байланыс жүйелерімен жарақталған жұмыс істейтін диспетчерлік пункті және диспетчерлік басқарудың жедел-ақпараттық кешені; 4) тұтынушылар үшін Субъектінің диспетчерлік орталықтарымен байланыс құралдарымен жарақталған диспетчерлік пункттер немесе осындай өкілеттіктерді басқа диспетчерлік орталыққа беру туралы құжат болған жағдайда қамтамасыз етеді. 31. Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі субъектінің қызметін тұтыну­шылар: 1) энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде өндіріс кешенінің құрамына кіретіндер; 2) энергия беруші ұйымдар; 3) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар; 4) электр энергиясының көтерме нарығының тұтынушылары болып табылады. 32. Субъект осы Қағидалардың 31-тармағында көрсе­тілген тұтынушылардың электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы қызметтерге кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 10. Магистральдық темір жол желісі саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 33. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу және магистральдық темір жол желісін пайдалану шартын жасасу үшін тұтынушылар Субъектіге белгіленген нысанда және мерзімде өтініш, сондай-ақ «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 2-тармағының 34-10) тармақшасына сәйкес бекітілген Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесiне (бұдан әрі – Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесi) сәйкес құжаттар жолдайды. 34. Субъект өтініштерді магистральдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынушылар ұсынған өтініштерді тіркеу тізілімінде түскен күнi мен уақытын, сондай-ақ тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, түскен күнi тіркейді. Өтінішті қарау мерзімі мен тәртібі де Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесiнде регламенттелген. 35. Тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ оларды тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді. 36. Оператор магистральдық желіде орталықтан басқаруды және тасымалдау процесін ұйымдастыруды жолаушылар мен жүк поездары қозғалысы кестесінің негізінде жүзеге асырады. Поездар қозғалысы кестесін әзірлеу кезінде Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесіне сәйкес кезектілік сақталады. 37. Тасымалдаушының поездар қозғалысының нақты бір бағытында магистральдық темір жол желісін оның өткізу қабілетінің шектелуіне байланысты пайдалануға беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тасымалдау Магистралдық темір жол желiсiн пайдалану ережесінде көзделген кезектілікпен жүзеге асырылады. 38. Субъект халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұтынушылардың өз мемлекетінің резидент тұтынушыларынан кем болмайтын қолайлы жағдайларда тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 11. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жол қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 39. Тасымалдаушыларға концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарға қол жеткізуді ұсынуға Магистралдық темір жол желісін пайдалану қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тараптардың негізгі шарттары, құқықтары және міндеттері айқындалатын магистралдық темір жол желілерінің операторы мен тасымалдаушы(лар) арасында жасалған магистралдық желіні пайдалану шарты негіз болып табылады. 40. Тасымалдаушылардың концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарды Магистралдық желіні пайдалану шартын жасамастан пайдалануына жол берілмейді. 41. Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдарға қол жеткізу концессия шартын іске асыру үшін олардың өзара іс-қимылдарын регламенттейтін магистралдық темір жол желілерінің операторы мен концессионер арасындағы жасалған шартты ескере отырып тасымалдаушыларға ұсынылады. 12. Кірме жолдар саласындағы қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұйымдастыру тәртібі 42. Тұтынушылар қозғалыстың, техникалық құрал­дардың және жылжымалы құрамның қауіпсіздігі қам­тамасыз етілген жағдайда кірме жолдардың қызмет­терін «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бекітілген үлгі шарттың негізінде пайдаланады. 43. Тұтынушылар кірме жолдардың қызметтерін пайдалану құқығын алу үшін Субъектіге екі данада жазбаша өтініш жолдайды. Субъект өтінішті түскен күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді, бұл ретте тіркелген өтініштің бір данасы тұтынушыға беріледі. 44. Субъект кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуі және тігілуі тиіс. Кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың өтініштерін тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі тіркеледі. 45. Тіркеуден бас тартуға, өтініштердің түскен күні мен уақытын, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді. 46. Субъект өтініштерді қарауды олардың түсу кезек­тілігіне сәйкес келетін реттілікпен 5 сағаттың ішінде жүргізеді. 47. Бір күнде бірнеше өтініштер түскен кезде, оларды бір мезгілде қанағаттандыру кірме жолдың өткізу қабілетімен шектелген жағдайда, кірме жолдар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету кірме жолдың техникалық және технологиялық мүмкіндігіне қарай мәлімделген көлемге тепе-тең орташа өлшенген қағидат бойынша тұтынушыны өтініш түскен кезден бастап 7 сағат ішінде жазбаша хабардар ете отырып жүзеге асырылады. 48. Тұтынушы кірме жолдар қызметтерінен бас тартқан жағдайда, Субъект кірме жолдар қызметтерін өтініш берген кезектілігі бойынша келесі тұтынушыға ұсынады. 13. Әуежайлардың қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі 49. Слоттарды бөлу әуеайлақ аумағында ұшуларды, ұшу-қону жолағындағы қозғалыстарды қауіпсіз орындауды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді және әуежайда жолаушыларға қыз­мет көрсетуді жоспарлау шарттарына сүйене отырып жүргізіледі. 50. Тұтынушылар слоттарды (олардың өзгерісін) ұшу, қону Субъектісімен тұтынушыға слоттарды келісуге жазбаша нысанда өтінім (бұдан әрі – өтінім) жіберу жолымен келіседі. 51. Өтінімде мынадай мәліметтер беріледі: 1) рейсті орындау маусымы; 2) авиакомпания коды; 3) рейс нөмірі; 4) орындау күндері; 5) әуе кемелерінің үлгілері; 6) орындықтар саны; 7) бағыты; 8) рейс үлгісі; 9) әуе кемесінің біліктілік нөмірін қоса алғанда, әуе кемесінің техникалық сипаттамалары. 52. Субъект слоттарды келісу өтінімдерінің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6668 тіркелген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 11 қарашадағы №520 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларына сәйкес жүргізеді. Тізілімде өтінімнің түскен күні мен уақыты, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі тіркеледі. Тіркеуден бас тартуға, өтінімде көрсетілген деректерді және өтінімнің тіркеу нөмірін бұрмалауға жол берілмейді. 53. Тізілімде тіркелген өтінімдер туралы ақпарат барлық тұтынушыларға қол жетімді болуы тиіс. Тізілімде қамтылған мәліметтер Интернет желісінде әуежайдың ресми сайтында орналасады және күн сайын (жұмыс күндері) жаңартылуы тиіс. Тұтынушының жазбаша сұрауы бойынша Тізілімде қамтылған мәліметтерді Субъект өтініш келген күні береді. 54. Субъект өтінімді қарап, тұтынушыға жауапты оны алған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде жолдайды. 55. Рейс параметрлері, өткізу қабілетінің нормативтері және әуежай жұмысының шектеулері өзгерген кезде, сондай-ақ слоттарды тұтынушының барлық өтінімдерін қанағаттандыратындай бөлу мүмкіндігі болмаған жағдайда, артықшылық жолаушылардың тұрақты рейстеріне беріледі және әуе желілері бойынша мынадай басымдық белгіленеді: 1) халықаралық; 4) ішкі чартерлік; 2) ішкі; 5) жүк. 3) халықаралық чартерлік; 56. Басымдығы бойынша бірдей және әуежайдың техникалық мүмкіндігінің шектелуінен бір мерзімде қанағаттандыру мүмкін емес слоттарды бөлуді көздейтін бірнеше өтінімдер болған кезде Субъект өтінімдерді қарау мен растауды Тізілімде тіркелген өтінімдерді беру кезектілігін ескере отырып жүзеге асырады. 57. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында әуежайлар саласындағы Субъектілермен шарт жасасу үшін тұтынушылар: 1) тұтынушы (пайдаланушы) сертификатын; 2) азаматтық кемені мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті; 3) әуе кемелерінің барлық үлгілері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарын ұсынады. 58. Шетелдік әуе тасымалдаушылары Қазақ­стан Республикасының аумағында Қазақстан Республика­сының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады. 14. Теңіз порттары саласындағы қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі 59. Порттар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының астында жүзетін кемелерге және шетел кеме­леріне көрсетіледі. 60. Кемелерге қызмет көрсету мына кезектілікпен жүргізіледі: 1) авариялық кемелер, көмек көрсетуге келе жатқан кемелер және бортында ауыр науқасты адам бар кемелер; 2) шекара әскерлерінің теңіз бөлімдерінің корабльдері мен кемелері; 3) кесте бойынша жүретін паромдар мен жолаушы кемелері; 4) газ тасушы кемелер; 5) тез бүлінетін жүктер мен балық өнімдері тиелген кемелер; 6) қауіпті жүктері бар кемелер; 7) желілік кемелер; 8) өтінімдер түскен уақытқа сәйкес басқа да кемелер. 61. Межелі портқа кеменің жақындауы туралы ақпаратты кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңіз портына келе жатқан кезде порт диспетчеріне, порт капитанына және қажет болған жағдайда басқа да мекенжайларға береді. 62. Жақындау туралы ақпарат 48 сағат бұрын, екінші рет – 24 сағат бұрын хабарланады және келгенге дейін 4 сағат бұрын нақтыланады. Өту ұзақтығы 48 сағаттан кем болған кезде кеме жөнелту портынан шыққаннан кейін 2 сағат шегінде. Балық аулау кәсіпшілігі флотының капитандары кәсіптен шығу уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 48 сағаттан кешіктірмей хабарлайды. 63. Кеменің портқа келуі Теңіз порт әкімшілігінде шекара, кеден, санитарлық және карантиндік талаптар сақтала отырып, келген сәттен бастап 24 сағат ішінде ресімделеді. Кеменің келуі Жалпы декларацияны, кемелік рөлді және жолаушылар тізімін ұсыну бойынша ресімделеді. 64. Кеменің рейске шығуын ресімдеуді Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады. Ресімдеу кеменің техникалық және теңізде жүзуінің қанағаттанарлық жағдайын растайтын, уәкілетті орган немесе басқа топтастырғыш қоғам берген тиісті кеме құжаттары болған кезде, сондай-ақ өрт күзеті және санитарлық-карантиндік бақылау тарапынан кедергілер болмаған жағдайда жүргізіледі. Кеменің теңізге шығуға дайындығын Порттың теңіз әкімшілігі тексереді. 15. Аэронавигация қызметтеріне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі 65. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу мақсатында аэронавигация саласындағы Субъектілермен шарт жасасу үшін тұтынушылар аэронавигация саласындағы Субъектілерге жазбаша өтінішті мынадай құжаттар: 1) пайдаланушы сертификатының; 2) азаматтық кемені мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің; 3) әуе кемелерінің барлық түрлері бойынша ұшу жарамдылығы сертификаттарының; 4) жарғы; 5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін. Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 6) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің; 7) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) үш әріптік код берілгені туралы хатының көшірмелерін қоса бере отырып жолдайды. 66. Осы Қағидалардың талаптарын тұтынушылар мен Өкілдер сақтаған жағдайда, аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден бас тартуына жол берілмейді. 67. Шетелдік әуе тасымалдаушылары өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады. 16. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі 68. Тұтынушыларға мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) құзыретті орган бекіткен мұнайды жеткізу кестесіне сәйкес ұсынылады. 69. Магистральдық құбыржолының бос қуаты болмауы салдарынан реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетудің техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығы: 1) мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына жеткізуді жүзеге асыратын; 2) мұнайды тасымалдау қызметтерін ұсынуға жасалған шартқа сәйкес тасымалдау үшін мұнайдың міндетті ең төменгі жылдық көлемін ұсыну міндеттемелерін алған; 3) аумағында тасымалдау жүзеге асырылатын елдердегі мұнай құбыры ұйымдары белгілейтін сапа бойынша техникалық талаптарға тасымалданатын мұнайдың қоспасын және (немесе) мұнай өнімдерін сәйкес келтіру мүмкіндігін беретін қажетті сападағы мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауға ұсынатын; 4) жасалған шарттың талаптарына сәйкес және инвестициялар толық өтелгенге дейін магистральдық құбыржолдарының немесе оның жекелеген объектілерінің өткізу қуатын кеңейтуді инвестициялау үшін тартылған; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін және (немесе) Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық келісімдерді орындауды қамтамасыз ететін; 6) өзінің мұнайын және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау үшін баламалы техникалық мүмкіндігі жоқ тұтынушыға беріледі. 70. Қағидалардың 68-тармағында көрсетілген тұтынушыларды қоспағанда, құзыретті орган тұтынушылар арасында магистральдық құбыржол­дарының қуаттарын бөлуді тұтынушылар мәлімдеген мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдаудың көлемдеріне қатысты тепе-тең негізінде жүргізеді. 17. Газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттарды берген кезде тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөнін
Соңғы жаңалықтар